Ол ауылдың кішкентай баласы қалай Олимпиада чемпионы болғанын көрсеткісі келетін ниеті барын айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы Qazaqstantv-ға сілтеме жасап.
«Тарихи жеңісімнің артында үлкен еңбек пен күш-жігер жатыр. Басымнан өткен қиындықтар туралы көп адам біле бермейді. Сондықтан артымнан ерген жас спортшыларға мотивация болатындай фильм түсіру ойда жүр», - дейді Олимпиада Чемпионы Елдос Сметов.
Мұндай ой спортшыға 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарынан кейін келген.
Естеріңізге салсақ, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында барша Қазақстандықтар тарихи жеңістің куәсі болды. Дзюдодан екі бірдей cпортшымыз жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жекелей сында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Елдос елімізге Париж Олимпиадасының алғашқы алтынын сыйлады.
Ал, 66 келі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев үздік үштікті түйіндеді.