×

"Уимблдон": Жасөспірімдер арасындағы жұптық сында қазақстандықтар ширек финалға шықты

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында "Уимблдон" турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабаралйды Ulyssport.kz.

12.07.2024, 17:05
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова мен жапониялық Эни Койкеге қарсы шықты. 

Бірінші партияда Арыстанбекова/Жиенбаева  жұбы 6:2 есебімен басымдық танытса, екінші сетте қарсыластар қарымта қайтарды. Ал супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6. 

Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін Джули Пастикова (Чехия)/Юлия Штузек (Германия) жұбымен кездеседі. 

Новости партнеров