×

Бірінші раундтағы нокаут: Садриддин Ахметов АҚШ-тағы дебюттік айқасын жеңіспен бастады

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахметов (14-0, 12 КО) кезекті жеңісіне жетті. Санта-Инездегі (Калифорния, АҚШ) бокс кешінде ол америкалық Антонио Тоддпен (17-10, 9 КО) кездесті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

01.09.2024, 10:02
sports.kz

Жекпе-жек бірінші раундтың соңғы минутында қарсыласын нокаутқа жіберген Ахметовтың жеңісімен аяқталған. Алдымен қазақ боксшысы қарсыласын ногдаунға жіберген, бірақ бірер сәттен кейін қарсыласын төпелеп, төрешінің араласуын мәжбүр еткен.

26 жастағы Садриддин үшін бұл 2022 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы жекпе-жек болды. Ол өзінің 14-ші мансаптық жеңісіне (мерзімінен бұрын 12-ші жеңісі) жетті. 30 жастағы Тод 11-ші рет жеңіліске ұшырады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр