×

Қазақстандық боксшылар Еуразия кубогында 13 медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Ресейдің Чита қаласында өткен Еуразия кубогы турнирінде 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

02.09.2024, 13:06
Қазақстандық боксшылар Еуразия кубогында 13 медаль жеңіп алды
Фото: prosports.kz

Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайты жазды.

67 кг салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан жеңімпаз атанды. Ал Жансері Көшербаев (57 кг) пен Мадияр Бексұлтанов (80 кг) финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

Cондай-ақ он боксшы қола жүлде еншіледі: 51 кг Бексұлтан Боранбек, 54 кг Әділбек Қожахан, 54 кг Әли Мұрат, 57 кг Бауыржан Мұратов, 63,5 кг Асылхан Көшербай, 63,5 кг Ахмет Үсен, 71 кг Өнер Сейілхан, 75 кг Санжарәли Бегалиев, 80 кг Дамир Синеев, 92 кг Аслан Елдібайұлы.

Айта кетейік, бұл жарыс Қазақстан құрамасы үшін қазанда Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі болды. Жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов тамызда ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалған еді. Қазіргі уақытта жастарды Бағдат Оңғарбеков жаттықтырып жатыр.

Новости партнеров