Испанияның Понтеведре қаласында басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында екі қазақстандық балуан қола медальға таласады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
55 келі салмақта Айбек Айтбеков турнир барысында Испания мен Грузия балуандарын айқын басымдықпен жеңді. Дегенмен жартылай финалда америкалық қарсыласына жеңіліп, кіші финалда күресу мүмкіндігін алды.
87 келідегі Темірлан Тұрдыақын да қола медаль үшін күреседі. Темірлан Түркия және Жапония балуандарын жеңді, алайда, жартылай финалда әзербайжандық қарсыласына есе жіберді.
Екі спортшымыз да бүгін кіші финалда бақ сынайды.