UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты жекпе-жекте жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Егер Усман Хамзаттан жеңілмегенде, мен онымен төбелесуге келісер едім. Бірақ өздеріңіз білесіздер, ол соңғы үш жекпе-жегінде де жеңіліп қалды. Енді кемі бір жекпе-жекте жеңіске жетсе, ойланып көремін. Сондықтан қазір Шавкатпен төбелескенім дұрыс. Бәрі Шавкат ешқашан жеңілмеген мықты деп ойлайды. Маған Шавкаттың мыңдаған жанкүйері Instagram-да да жазуда. Мен Шавкатты жеңіп, олардың аузын жабамын, олардың ойы қате екенін дәлелдеймін, – деді спортшы.
Ол Шавкатпен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Менің соңғы 6-7 жекпе-жегімде жанкүйерлердің бәрі «сені өлтіреді» деп жазған. Мен бәрінде жеңіске жеттім. Осы жолы да Шавкатпен шығамын да, оны жеңемін. Сонда ешкімнің бос әңгімесі болмайды. Егер қазір Усманды жеңсем көпшілік тағы «ол соңғы үш кездесуінде жеңілген, ол әлсіз, тізесі ауырады, бомжды жеңдің» деп шулайды. Ал егер Шавкатты жеңсем, бәрінің аузына құм құйылады. Ол жеңілмеген және барлық жеңісіне мерзімінен бұрын жеткен. Сондықтан да қазір менің жоспарым Шавкатпен жекпе-жек өткізу, оны жеңу, – деді Белал Мухаммад YoutTube желісіндегі Submission Radiо арнасына берген сұхбатында.