Ресей маманы Александр Кержаков "Зенитпен" жолдастық кездесуден бес күн бұрын қазақстандық "Қайраттан" кеткен, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Кержаков 29 мамырда "Қайраттың" бас бапкері болып тағайындалған.
– Мен кеше таңертең отставкаға кеттім. Бұл мен үшін қиын шешім болды, өйткені осында жұмыс істегім келді. Біз ойын тұрғысынан өте маңызды прогреске қол жеткіздік, жақсы нәтиже көрсеттік. Бізбен ұзақ уақыт бойы алғаш рет "Қайрат" турнир кестесінде көш бастады. Чемпионат аяқталғанға дейін алты турда чемпион болуға нақты мүмкіндігі бар.
Бірақ мен үшін бас бапкер ретінде жұмыста не дұрыс, не бұрыс деп санайтын жағдайлар бар. Егжей-тегжейін айтпай-ақ қояйын, әңгіме клуб ішінде қалсын. Командаға және балаларға жеңіс пен сәттілік тілеймін, - деді Кержаков "Чемпионат" тілшісімен сөйлескен сөзінде.
2024 жылдың мамыр айында "Қайрат" клубы Александр Кержаковпен келісімшартқа отырғанын жариялаған. Ойыншы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де мансабы бар 41 жастағы маман сол кезде команданың жаңа тәлімгері атанған еді.