×

Тоқаев жаңа туризм және спорт министріне қандай міндеттерді жүктеді

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

03.09.2024, 15:10
Тоқаев жаңа туризм және спорт министріне қандай міндеттерді жүктеді
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.

Президент министрден биыл маусым айында өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.

Жаңа министр

Мемлекет басшысының жарлығымен бұған дейін Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалған еді.

Бұл қызметті оған дейін Ермек Маржықпаев атқарған еді.

Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2009-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі.

2006-2018 жж. – «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы.

2018-2020 жж. «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.

2020-2021 жж. – «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.

2021 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.

 

Новости партнеров