×

Қазақстан велоспорттан Азия кубогында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар төрт марапатқа ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

04.09.2024, 11:19
Қазақстан велоспорттан Азия кубогында төрт медаль жеңіп алды
Фото: дереккөз

ҰОК мәліметінше, қазақстандық Максим Хорошавин жеке жарыста үшінші орын алды. Сондай-ақ оның жетістіктерінің тізімінде омниумдағы "күміс" бар.

Рината Сұлтанова әйелдер арасындағы жеке жарыста үшінші нәтиже көрсетті.

Спортшы Әлішер Жұмақан топтық ұпай жарысында тұғырдың екінші сатысына көтерілсе, Айбек Айтбеков пен Темірлан Тұрдақын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр