×

Роналду мен Месси тізімде жоқ: «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының есімі жарияланды

Биылғы "Алтын допқа" үмітті 30 спортшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

05.09.2024, 13:43
Фото: talksport.com

"Алтын доп" жүлдесіне үміткер 30 футболшының есімдері анықталып, тізімі жарияланды. Олардың арасында 21 жылда алғаш рет Криштиану Роналду мен Лионель Месси жоқ,. 2023/2024 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша "Алтын допқа" үміткерлердің кеңейтілген тізімі:

 

  1. Джуд Беллингем ("Реал Мадрид");
  2. Фил Фоден ("Манчестер Сити");
  3. Федерико Вальверде ("Реал Мадрид");
  4. Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла");
  5. Родри ("Манчестер Сити");
  6. Деклан Райс ("Арсенал");
  7. Гарри Кейн ("Бавария Мюнхен");
  8. Витинья ("ПСЖ");
  9. Коул Палмер ("Челси");
  10. Дани Карвахаль ("Реал Мадрид");
  11. Ламин Ямаль ("Барселона");
  12. Букайо Сака ("Арсенал");
  13. Вильям Салиба ("Арсенал");
  14. Хакан Чалханоглу ("Интер");
  15. Килиан Мбаппе ("ПСЖ" / "Реал Мадрид");
  16. Алехандро Гримальдо ("Байер");
  17. Адемола Лукман ("Аталанта");
  18. Лаутаро Мартинес ("Интер");
  19. Антонио Рюдигер ("Реал Мадрид");
  20. Артём Довбик ("Жирона" / "Рома");
  21. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");
  22. Тони Кроос ("Реал Мадрид", мансабын аяқтады);
  23. Мартин Эдегор ("Арсенал");
  24. Дани Ольмо ("РБ Лейпциг" / "Барселона");
  25. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид");
  26. Нико Уильямс ("Атлетик Бильбао");
  27. Флориан Вирц ("Байер");
  28. Гранит Джака ("Байер");
  29. Матс Хуммельс ("Боруссия Дортмунд" / "Рома").  

Айта кетейік,  Месси сегіз рет "Алтын допты " жеңіп алған болатын (2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021, 2023). Бұл – рекордтық көрсеткіш саналады. Ал Роналду қатарынан екінші рет үміткерлер тізімінен тыс қалды. Португалиялық футболшы 2004-2022 жылдар аралығында үнемі тізімде көрініп келді. Ол "Алтын доптың" бес дүркін иегері (2008, 2013, 2014, 2016 және 2017) және Мессиден кейін екінші орында тұр. 

Новости партнеров