Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы Қазақстанға қанша спортшы келіп, қанша медаль сарапқа салынатынын айтып берді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйекте өтеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев бүгінгі таңда 89 ел қатысатанын растағанын айтты. Іс-шараға 2500-ден астам қатысушы қатысады деп күтілуде.
– Қазақстан құрамасына 261 спортшы қатысады. Ойындар аясында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады. Медальдардың жалпы саны – 581, - деді ол.
Спикер ойындардың медициналық штабына 150 медицина қызметкері тартылғанын, сонымен қатар 23 ветеринар және 1300 ерікті жұмыс істейтінін айтты.
– 4500-ден астам өтінім еріктілерден, соның ішінде Қырғызстан, РФ, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Германия, Франция, Испания, Корея, Түрікменстан, Беларусь және Гана Республикаларынан түсті, - деп толықтырды Абылай Қондыбаев.
Сонымен қатар, Кондыбаев ғылыми бағдарлама аясында 9-11 қыркүйек аралығында "Көшпенділер: тарих, білім, сабақтар" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтетінін түсіндірді. Мәдени бағдарлама аясында этноауылда 100-ден астам іс-шара өтеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры 250 миллион теңгені құрайды. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары "Ұлы дала дүбірі" - "Ұлы даладағы кездесу"ұранымен өтеді.
Тамыз айында көшпенділер ойындарына қатысу үшін ұлттық құраманың формасы Тоқаевқа көрсетілген.