Қазақстандық спортшы Ерғали Шәмей Паралимпиада ойындарының алтын медалі үшін күреседі, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
73 келіге дейінгі санатта J1 санатында өнер көрсеткен Ерғали Шәмей финалға шықты. Жартылай финалдық жекпе жекте ол иппон әдісімен Германиядан келген қарсыласын жеңді
Таяуда Қазақстан екі медаль жеңіп алды: Нұрдәулет Жұмағали паражүзуде күміс жүлдегер атанды, ал Ақмарал Науатбек пара дзюдода алтын медаль иеленді.
Бұған дейін Дэвид Дегтярев 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алған болатын.