×

Қазақстан қоржыны қоламен толықты

Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

06.09.2024, 19:20
Ашық дереккөзден

Даяна Федосова пара дзюдоның J2 санаты бойынша қола жүлдеге таласта (57 кг) салмақ дәрежесінде түркиялық Дендю Ешилюртті жеңді.

Бұған дейін 

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Еске салайық бұған дейін Давид Дегтярев Париж төрінде алтыннан алқа таққан. Ол осылайша Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Дәл қазір Қазақстан қоржынында екі алтын, екі  күміс және екі қола медаль бар. 

Новости партнеров