×

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: бүгін кімдер жарысқа шығады

Бүгін, 8 қыркүйек күні V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

08.09.2024, 09:12
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: бүгін кімдер жарысқа шығады
Ашық дереккөзден

Ойындардың алғашқы жарыс күнін жамбыатушылар бастамақ.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салынады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді.

8 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

ЖАМБЫ АТУ

  • 09:00 – 09:40 - 1 топ
  • 09:50 – 10:30 - 2 топ
  • 10:40 – 11:20 - 3 топ
  • 11:30 – 12:10 - 4 топ
  • 12:20 – 13:00 - 5 топ
  • 13:10 – 13:50 - 6 топ
  • 14:00 – 14:40 - 7 топ
  • 14:50 – 15:30 - 8 топ
  • 15:40 – 16:20 - 9 топ
  • 16:30 – 17:10 - 10 топ
  • 17:20 – 18:00 - 11 топ
  • 19:00 – 20:00 Марапаттау рәсімі

Еске сала кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі бүгін, 8 қыркүйек күні Астана уақытымен 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Новости партнеров