×

Бүгін футболдан Қазақстан мен Словения ойнайды. Қайдан көруге болады

Бүгін түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші ойынын өткізеді. Сырт алаңда Словениямен кездеседі, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

09.09.2024, 10:37
Фото: ҚР ФФ

Матч Люблянадағы "Сожице" стадионында өтеді. Қазақстандағы уақытпен сағат 23:45-те басталады. Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Словения – Қазақстан ойынына португалиялық төреші Жоау Пинейра қазылық жасайды. 

Топтағы екінші жұпта Норвегия мен Австрия құрамалары кездеседі. 

Еске салсақ, топтағы бірінші турда құрамалар тең ойнады. Қазақстан Алматыда Норвегиямен 0:0 есебімен ойнаса, Аустрия мен Словения 1:1 нәтижесімен тарқасқан болатын. 

Новости партнеров