×

Көшпенділер ойындары: қазақтың балуан қыздары қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды

Айжан Жылқыбаева мен Назерке Азаматова қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

09.09.2024, 18:34
Туризм және спорт министрлігі

Айжан Жылқыбаева 48 келі салмақ дәрежесінде қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды. Назерке Азаматова 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Бұған дейін аударыспақтан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шыққан болатын.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 

Еске сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйекте өтеді. БКеш сән-салтанатпен ойындардың ашылу салтанаты өткізілді. Қазақстан құрамасынан 261 спортшы қатысады. Ойындар аясында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады. Медальдардың жалпы саны – 581.

Сәуір айының ортасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан бюджет шығыстарының қысқарғанын мәлімдеді. Сол тұста осы ойындарға бөлінген қаражат азайған.

Новости партнеров