×

Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен бес спортшы алтын медальға таласады

Қазақ күресінен ұлттық құраманың бес спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

10.09.2024, 16:04
Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы

Ерлер: Ерсұлтан Мұзаппаров (100 келі) пен Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг) финалда күреседі. Ал 90 келіде Ерасыл Жанатаев қола жүлдеге таласады. 82 келіде сынға түскен Ерсін Сейітқазы алғашқы белдесуде қарсыласына есе жіберді. 

Әйелдер: Зарина Сарипова (65 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі), Зәмзәгүл Файзолланова (77 келі) финалға шықты. Ал +77 келіде Альбина Бахиева қола жүлде үшін күреседі.

Қазақ күресінен алғашқы жарыс күні сынға түскен қазақстандық сегізспортшы алтын жүлдеге ие болды.

Новости партнеров