×

Мұғалімнен министрге дейін: Мырзабосынов мансабы қалай күрт өскенін түсіндіруге тырысты

Жаңадан тағайындалған туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов небәрі 40 жасында қалай министр болғанын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

10.09.2024, 17:00
Мұғалімнен министрге дейін: Мырзабосынов мансабы қалай күрт өскенін түсіндіруге тырысты
Коллаж Ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz тілшісі жаңа министрдің оққағар болғаны жөнінде ақпараттың анық-қанығын министрдің өзінен сұраған.

Мырзабосынов бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

– Бұл ақпарат рас емес. Егер сіз менің түйіндемемді қарасаңыз, мен жұмысты дене шынықтыру мұғалімінен бастағанмын, университетте оқытушы болып жұмыс істедім, - деді ол.

Шенеунік "оның бүкіл өмірі спортпен байланысты"деп қосты.

– Өмірімнің көп бөлігі спортшы, жаттықтырушы және оқытушы ретінде спортпен байланысты. Содан кейін білім беруде жұмыс істедім, спорт менеджменті бойынша докторлық диссертация қорғадым. Менің бүкіл өмірім спортпен байланысты, — деп қосты министр.

Бұған дейін мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан туризм және спорт министрі болып тағайындалғаны белгілі болды. Тоқаев Олимпиададан кейін бұрынғы спорт министрі Ермек Маржықпаевты қызметінен босатты.

Новости партнеров