×

Астанада ҰОК және ISSA өкілдері кездесті

ISSA (Islamic Solidarity Sports Association – Ислам ынтымақтастығы спорттық қауымдастығы) делегациясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы келген, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

11.09.2024, 10:08
Астанада ҰОК және ISSA өкілдері кездесті
Фото: ҰОК

ҚР ҰОК штаб-пәтерінде өткен кездесуге ISSA Бас хатшысы Насер Маджали мырза мен Қазақстан ҰОК тарапынан ҰОК Президентінің Кеңесшісі Әлімжан Ақаев қатысты.

Басқосуда талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – 2025 жылдың қарашасында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарын ұйымдастыру. 

Қазіргі таңда спорттық сайыстың бағдарламасы жасақталып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша жарыс спорттың 20 түрінен өтеді. 

Сондай-ақ кездесу барысында ISSF қызметінің жаңа стратегиясы талқыланды. Мұндағы басымдық спорттық бағдарламадан басқа исламдық ойындар мәдениеті мен білім беруді дамытуға және барлық қатысушы арасында жаңа байланыс құруға берілген. 

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр