×

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте нешінші

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингтерінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

15.07.2024, 15:41
Фото: sports.kz

Бірінші орынды италиялық Янник Синнер сақтап қалды. Екінші орында серб Новак Джокович, үшінші орында испандық Карлос Алькарас тұр. Ол финалда Джоковичті жеңіп, Уимблдон-2024 жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик бір позициядан айырылып, 24-ші орынға түсті. Александр Шевченко 57-ші орыннан 56-шы орынға көтерілді. Михаил Кукушкин екі саты төмен түсіп, 135-ші орынға жайғасты. Денис Евсеев 160-орынды иеленді. Дмитрий Попко 36 позицияға көтеріліп, 186-орынға жайғасты.

Жұптық рейтингте бірінші орынды испандық Марсель Гранольерс пен аргентиналық Орасио Себальос бөлісті. Үшінші орында австралиялық теннисші Мэттью Эбден тұр.

Қазақстан өкілі Александр Недовесов 49-орынға түсті (-1), Бублик 131-орында қалды, Андрей Голубев он позициядан айырылып, 148-орынға түсті.

Новости партнеров