×

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Орта салмақтағы WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралуға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

11.09.2024, 12:56
Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне дайындалып жатыр
фото: bassport.kz

 Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды. 

Алдағы жекпе-жекке Қазақстанда дайындалуға тура келді. Оны ұйымдастырушы - аустриялықтар. Жекпе-жекке Қазақстанда дайындалып жатырмыз. Біздің әрқашан айтып жүргеніміз - тарих. Тарих жасаймыз. Орта жолға келдік. Артқа қайтатын жол жоқ. Басқа салмаққа ауысатын мүмкіндіктер болды. Қазір осы салмақта қалып, төрт белбеуді жинап, әлемде Qazaq style-ді тарихта қалдырамыз, - деп жазды ол. 

Өткен аптада Top Rank промоутерлік компаниясының өкілдері Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландиядан келген үміткер Андрей Михайловичпен жекпе-жекті өткізу құқығы үшін No Limit boxing компаниясымен сауда-саттықтан ұтылған еді.

Жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Алайда Жәнібектің денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. Қазақстандық боксшы жекпе-жектен 11 сағат бұрын ауруханаға жатқызылды.

 

Новости партнеров