×

Қазақстан құрамасы бес асықтан алтын жүлде иеленді

Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

11.09.2024, 16:35
Туризм және спорт министрлігі

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
 
Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Новости партнеров