×

Көшпенділер ойынына апаратын автобустар саны артты

Нәтижесінде қоғамдық көлікті күту уақыты да қысқарды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

11.09.2024, 21:45
Ашық дереккөзден

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының этноауылына баратын автобустардың саны артты     

Арнайы автобустар қаланың үш нүктесіндегі автотұрақтардан шығады:

  • Астана арена-7 бірлік.
  • Бас мешіт-7 бірлік.
  • Expo аумағы – 7 бірлік.

Автобустар санының артуына байланысты қозғалыс аралығы 10 минутқа қысқарды.

"Қонақтарға ыңғайлы болу үшін автобус қозғалысын Avtobys қолданбасында бақылауға болады, сонымен қатар осы қолданба арқылы жол ақысын төлеуге болады", – делінген хабарламада.

Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарына билетіңіз болса жол жүру тегін екенін еске салды компания.

Новости партнеров