×

Қазақстан құрамасы көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Бейсенбі, 12 қыркүйекте көкпардан ойындардың финалы өтті. Онда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

12.09.2024, 13:47
Туризм және спорт министрлігі

Бірінші таймда Қырғызстан командасы 3:1 есебімен алға шықты. Екінші таймда есеп 4:4-ке тең болды. Осыдан кейін спортшыларға "алтын голға" қосымша 10 минут уақыт берілді. Шешуші голды қазақстандық көкпаршы соқты. 

"Қарқынды жекпе-жек Қазақстанның пайдасына 5:4 есебімен аяқталды, соның арқасында құрама V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын медалін жеңіп алды", - деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Қарсаңында Қазақстан құрамасы көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында финалға шықты. 

Бұған дейін Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінің қорытындысы бойынша 23 медаль жеңіп алғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, қарсаңында Қазақстан құрамасы көшпенділер ойындарында АҚШ-тан келген қарсыластарын жеңді. 

Бұған дейін аударыспақтан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шыққан болатын. 

Сондай-ақ, Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші күні 25 медаль жеңіп алғаны белгілі. 

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр