×

Қырғызстан көкпардан финалдағы Қазақстанның жеңісіне наразылық білдірді

Қазақстан құрамасының мүшесі қырғыз спортшысын екі рет қамшымен салып жіберген, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

12.09.2024, 18:00
Туризм және спорт министрлігі

Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шеңберінде көкпардан турнирдің финалдық матчының нәтижесіне наразылық білдірді.

Бірінші таймда қырғызстандықтар 3:1 есебімен алға шыққан. Алайда 13-ші минутта Қазақстан құрамасының мүшесі қырғыз спортшысын екі рет қамшымен ұрғандықтан ойын уақытша тоқтатылды. Құқық бұзушы ойыннан 2 минутқа шеттетілді.

Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Новости партнеров