×

Кейт Миддлтон Уимблдонның марапаттау рәсіміне қатысты

Уэлс ханшайымы Кейт Миддлтон Уимблдон турнирінің соңғы күнінде ерлер финалын тамашалауға арнайы келді, деп хабарлайды ulyssport.kz

15.07.2024, 17:42
Getty Image

14 шілде 2024 жыл. Спорт тарихы үшін ерекше күн еді. Себебі шілденің екінші жексенбісі спорт жанкүйерлері футболдан Еуропа және Оңтүстік Америка чемпионаттарының ақтық матчтарымен қоса, теннистен Уимблдонның ерлер арасындағы финалын қарады. 128-ші рет ұйымдастырылап отырған Уимблдонның дәстүрі бойынша марапаттау рәсіміне Британдық корольдік отбасының мүшесі қатысуы тиіс. Соңғы жылдары бұл мәртебе қазіргі Король Чарльз III-дің бірінші келіні, мұрагер Уильямның әйелі Кейт Миддлтонға бұйырып келген. Алайда турнир басталмастан бұрын Кейттің Уимблдонға келуі сұрақ астында болды. Себебі бірнеше ай бойы ешқандай іс-шаралардан көрінбеген ханшайым қатерлі ісік ауруына шалдыққанын хабарлағаны мәлім.

Дәстүрді бұзбай Кейт Миддлтон Уимблдонға жекелей сында ерлер финалын көруге келді. Бірақ жұбайы Ханзада Уильяммен емес, үлкен қызы Шарлоттамен келді. Финал нәтижесіне сәйкес, екінші орын алған Новак Джоковичке (Сербия), сосын “Уимблдон-2024” титулын жеңіп алған Карлос Алькарасқа (Испания) турнир кубогін табыстады. 

Новости партнеров