×

Көк бөріден Қырғызстан құрамасы алтынға қол жеткізді

Көшпенділер ойынында бұл жолы қырғыз елінің спортшылары басым болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz 

12.09.2024, 20:05
Ашық дереккөзден

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден жарыс аяқталды. Қазақстан 4:10 есебімен Қырғызстан құрамасына есе жіберді.

Бұған дейін

Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шеңберінде көкпардан турнирдің финалдық матчының нәтижесіне наразылық білдірген еді.

Бірінші таймда қырғызстандықтар 3:1 есебімен алға шыққан. Алайда 13-ші минутта Қазақстан құрамасының мүшесі қырғыз спортшысын екі рет қамшымен ұрғандықтан ойын уақытша тоқтатылды. Құқық бұзушы ойыннан 2 минутқа шеттетілді.

Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Новости партнеров