×

Көшпенділер ойындары: кезекті жарыс күні аяқталды

Көшпенділер ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды  Ulyssport.kz 

12.09.2024, 23:13
Ашық дереккөзден

Бүгінгі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 33 алтын, 25 күміс, 28 қола медальмен жалпы есепте көш бастап келеді.Одан соң 43 медальмен Қырғызстан, 34 медальмен Өзбекстан құрамасы орналасқан. Үздік ондықты 2 медальмен Польша құрамасы түйіндеп тұр. 

Бұған дейін 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден жарыс аяқталды. Қазақстан 4:10 есебімен Қырғызстан құрамасына есе жіберді.

Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шеңберінде көкпардан турнирдің финалдық матчының нәтижесіне наразылық білдірген еді.

Бірінші таймда қырғызстандықтар 3:1 есебімен алға шыққан. Алайда 13-ші минутта Қазақстан құрамасының мүшесі қырғыз спортшысын екі рет қамшымен ұрғандықтан ойын уақытша тоқтатылды. Құқық бұзушы ойыннан 2 минутқа шеттетілді.

Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Новости партнеров