×

Қазақстан vs Қырғызстан - көкпардағы қос мықтының кездесу тарихы

Қазақстан мен Қырғызстан құрамасы V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында кездесті. Қос мықтының кездесуін тамашалағандардың қатары өте көп болды. Және бұл кездейсоқтық емес. Бұған дейін де екі құраманың жолы бірнеше рет финалда түйіскен. Кімнің жеңісі көбірек, кім мықтырақ болды, олар қашан кездесті? Ulyssport.kz арнайы материалында толығырақ. 

13.09.2024, 23:22
Ашық дереккөзден

Бұл ойын бұрынғыдан өзгерек

Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шеңберінде көкпардан финалда Қазақстан мен Қырғызстан құрамасы кездесті. Ойын өте тартысты өтті. Тіпті кейбіреу бұны әйгілі “Эль-Классико” футболдағы “Барселона” мен “Реал Мадридтің” кездесуіне теңеді. 

Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Алайда кейін көк бөріден жарыс болып  4:10 есебімен Қырғызстан құрамасы басым түсті. Осы тұста көкпар мен көкбөрінің мынадай айырмашылығы бар: 

  • көкпарда ешкінің ұшасы пайдаланылмайды, оның орнына муляж қолданылады;
  • көк-бөрідегі "қақпа" - тай-қазан, ал көкпарда-диаметрі 3 метр жерге сызылған шеңбер
  • көкбөріде 20 минуттан үш тайм; көкпарда екі кезең де 20 минуттан тұрады.

Қазақстан және Қырғызстан. Кездесу тарихы

  • Қырғызстан 2016 жыл

Бұл қырғыз жерінде өткен II Дүниежүзілік көшпенділер ойындары болатын. Көкпардан финалда Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары кездесіп Қырғызстан құрамасы 15:3 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жеткен. 

  • Түркия 2022 жыл

Ал бұл Түркида өткен  IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Дүбірлі додада тағы да көкпардан ақтық сында Қазақстан мен Қырғызстан құрамаларының жолы түйіскен. Бұл жолы 4:3 есебімен Қазақстан құрамасы басым түскен. 

  • Астана 2024 жыл

Бірінші таймда қырғызстандықтар 3:1 есебімен алға шыққан. Бірақ Қырғыстан құрамасы 30 секунд қалғанда есепті теңестіріп ойын қосымша уақытқа ұласқан. Көкпар ережесі бойынша бұл  уақытта салым салған команда автоматты түрде жеңімпаз атанады. Қазақстан құрамасының ойыншысы Құрманбек Тұрғанбек қосымша есепті еселеп Қазақстан 5:4 есебімен алтын медальды иеленген еді. 

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр