×

Кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 КО) америкалық Джошуа Конлимен (17-7-1, 11 КО) жекпе-жек өткізіп, оны екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

15.09.2024, 09:43
Ашық дереккөзден

26 жастағы Бек үшін бұл — кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңіс. 

Оның ішінде 11-інде қарсыласын осылай мерзімінен бұрын жер жастандырып отыр. 

Қазақстандық боксшы Канело мен Берланг бокс кешінің андеркартын ашты, бірақ жекпе-жек YouTube тікелей эфирінде көрсетілмеді. 

Сауль Альварес «Канело» мен Эдгар Берланг арасындағы 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек Альварестің жеңісімен аяқталды.

Барлық раундтың қоырытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (117-110, 118-109, 118-109) Канелоның пайдасына аяқталды. Үшінші раундта оның қарсыласы нокдаунға түсті.

Осылайша “Канело” барлық чемпиондық атақтарын сақтап қалды.
 

Новости партнеров