Аутизмі бар астаналық пара-спортшы Дастан Ордабай Virtus Open Cycling Time Trial турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
ҚАЛАЙ БОЛДЫ?
12-14 қыркүйек аралығында Францияда аутизм дертіне шалдыққан спортшылар арасында веложарыс өткен. Бұл туралы Ақыл-ойы бұзылған адамдарға арналған спорт федерациясы хабарлады.
Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық велошабандоз қатысты. Virtus Cycling Open Time Trial аясында пара велоспорт дисциплинасына 16 параатлет қатысты.
НӘТИЖЕ
Еліміздің намысын астаналық пара-спортшы Дастан Ордабай табысты қорғады. Ол 17,3 км қашықтыққа жеке хронометраж бойынша ІІ-3 санат бойынша қатысты. Осылайша, велоспорттан спорт шеберіне кандидат Дастан Ордабай екінші орын алды.
«Дастан үшін бұл 2024 жылғы трассадағы екінші жарыс, біздің пара-спортшымыз ұлттық құраманың көшбасшысы саналады және алда 2025 жылы командамен бірге чемпиондық атақты қорғауды жалғастыруда біз дайындықты жалғастырамыз», - деп атап өтті Астана қаласы Интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева.