×

Бүгін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі басталады

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінде алғашқы турдың ойындары өткізіледі, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

17.09.2024, 12:47
Фото: 24.kz

Аталған турнирде биыл алғаш рет 36 команда ойнайды. Командалар жаңадан әзірленген нұсқа бойынша сайысқа түседі. Бұл күні Англияның «Ливерпуль» командасы сырт алаңда Италияның «Милан» клубымен бақ сынасады. Кездесу Қазақстан уақытымен 23:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда қазірге дейін алты рет кездескен болатын. Оның 5-і «Ливерпуль» командасының басымдығымен аяқталды. Cоңғы төрт ойында англиялық клуб жеңіске жетіп келеді. Сондай-ақ бүгін тағы бір кездесу – «Ювентус» (Италия) пен ПСВ (Нидерланд) арасында белгіленген.

Бұл ойынды да жанкүйерлер қазақстандық уақытпен 21:35-те Qazsport телеарнасынан көре алады. 

Еске салсақ, бүгін «Янг Бойз» (Швейцария) бен «Астон Вилла» (Англия), «Спортинг Лиссабон» (Португалия) мен «Лилль» (Франция), «Бавария» (Германия) мен «Динамо Загреб» (Хорватия), «Реал Мадрид» (Испания) пен «Штутгарт» (Германия) ойнайды.

Новости партнеров