×

Олимпиада чемпионы Нариман Құрбанов үйленді: таңдауы кім

2024 жылғы Париж Олимпиадасының спорттық гимнастикадан күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Аида Бауыржанова есімді арумен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

18.09.2024, 01:45
Instagram / n_kkz

Спортшы өзінің Instagram-дағы аккаунтында салтанатты суретін жариялап, қуанышты жаңалықпен бөлісті.

"Айттым-жасадым. Мен сені сүйемін, Аида Бауыржанова", - деп жазды олимпиада жүлдегері.

Тойға келген қонақтардың арасында танымал блогер, "Алға Қазақстан"YouTube-арнасының авторы Иван Червинский болды. 

Нариман Құрбанов 2024 жылғы Жазғы Олимпиаданың шешуші финалында 15,433 ұпай жинап, Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған.

Новости партнеров