Париждегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Абиба Әбужақынова дзюдошылардың әлемдік рейтингінде үздік бестікке енді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
48 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингі Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында жарияланды.
Әлемдік рейтингті Моңғолиядан келген дзюдошы Баасанхүү Бавуудорж бастап тұр. Біздің Абиба төртінші орында, ал үздік бестікті француз Ширин Букли аяқтады.