×

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бапкерлік құрамы жарияланды

Бірнеше күн бұрын Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріскен ұлттық құрамамен қазіргі уақытта Қайрат Сәтжан бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс жүргізуде. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылған, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

20.09.2024, 16:41
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бапкерлік құрамы жарияланды
ашық дереккөзден

Қазіргі бапкерлік құрам:

  • Қайрат Сәтжан - бас жаттықтырушы
  • ⁠Асқар Еркебаев - аға жаттықтырушы

Жаттықтырушылар:

  • ⁠Ілияс Оралбеков
  • ⁠Нұркен Андасов
  • ⁠Азамат Мақажанов
  • ⁠Талғатбек Жакпеков
  • ⁠Нұржан Насанов.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесуде.

Айта кетерлік жайт, жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданбақ.

Оған қоса қазіргі уақытта бірқатар шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізілуде. Жақын арада есімдері белгілі болады.

Новости партнеров