×

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды

Қазақстандық жас ауыр атлет Едіге Емберді Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 09:13
Едіге Емберді

Едіге Емберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, топ жарды. 

89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) келіні бағындырып, алтыннан алқа тақса, екінші орынды ирандық Алиреза Абаспур (351 келі), үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос (350 келі) иеленді.  

Новости партнеров