×

UFC-ден әлем чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты

UFC лигасында жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Белал Мухаммад келесі жекпе-жегін Шавкат Рахмоновпен өткізгісі келетінін айтқан, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

26.09.2024, 11:12
UFC-ден әлем чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты
Фото: fightnews.info

Fighttime.ru сайтының жазуынша, бұл туралы америкалық файтер журналист Кевин Айолаға берген сұхбатында мәлімдеген.

Мен Шавкатпен төбелесуді таңдар едім, оның айналасында сан түрлі адам бар, ол жеңілмеген және менен жеңілсе Усман секілді сылтау айтпайды. Усман қатарынан үш рет жеңілді, ол қартайып қалған. Егер менімен жекпе-жекке шыққысы келсе кемі бір файтерді жеңіп келуі керек. Ол өзінің чемпиондыққа үміті бар екенін осылай дәлелдеуі қажет.

Сондықтан менің келесі қарсыласым Шавкат болуы керек. Егер өзге жігіттерге қарайтын болсақ, мәселен Йэн Гэрри мүлдем чемпиондық жекпе-жек сұрап отырған жоқ. Делла Маддалена жарақатынан айықпады. Сондықтан таңдау Шавкат пен Усман арасында. Ал мен бұл екеуінің арасынан Шавкатты таңдаймын, - деді Белал Мухаммад.

Ол чемпиондық титулын биыл желтоқсан соңына дейін қорғаудан үмітті, қазір UFC-ден қоңырау күтіп отыр.

Еске салсақ, Белал Мухаммад биыл шілдеде UFC-дің чемпиондық белбеуін жеңіп алған. Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде ол жергілікті файтер Леон Эдвардстан басым түскен.

Новости партнеров