×

Қазақстандық теннисші Сауд Арабиясында өткен турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Сауд Арабиясында өткен турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 15:57
Қазақстандық теннисші Сауд Арабиясында өткен турнирдің чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Алан Құрманғалиев Сауд Арабиясында өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Даммам қаласында өткен халықаралық турнирде 17 жастағы ол 19 жасқа дейінгі санатта үздік атанды.

Турнир барысында Алан Құрманғалиев жарыс қожайындары Муртадха Абу Абдулла, Абдулал Альхамис, Али Альтахер, үндістандық спортшылар Сарта Мишра, Джаш Моди, Анкур Бхаттачарджиді жеңді.

Новости партнеров