Үйсіз-күйсіз жүрген азаматтар арасында футболдан өткен Әлем кубогында Литва құрамасы Бразилияның командасын жеңіп кетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында үйі жоқтар футболынан 19-шы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған 42 елден 56 команда, қатысып жатыр.
Чемпионаттың топтық кезеңі аяқталып, әр топтағы екі үздік команда плей-офф кезеңіндегі матчтарды жалғастыруда.
Литвалықтар D тобында бірінші орында және чемпиондық атақ үшін күресін жалғастыра бермек. Бейсенбі күні литвалықтар Бразилияны 4:3 есебімен ұтып, өз орнын сақтап қалды. Енді ширек финалда Литва Солтүстік Ирландиямен кездеседі.
Чемпионаттың алғашқы күні литвалықтар шотландиялықтардан 4:8 есебімен жеңіліп, біріншілікті сәтсіз бастаған. Алайда Литва құрамасы бұдан кейін Уганданы 10:8, Австралияны 14:7, Камбоджаны 7:1, Зимбабвені 10:8, Финляндияны 11:1 және Ирландияны 8:1 есебімен ұтып, кестедегі орнын дұрыстап алды.
Әлем чемпионатына дейін Литваның үйсіз футболшылары құрамасы әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған.