Қазақстан Грузияда өткен үстел теннисі турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілдері Абдулла Мамай мен Сарвиноз Миркадирова Батумиде өткен WTT Youth Contender турнирінде бірінші орын алды.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті аталған жұптың 19 жасқа дейінгі санатта алтын медаль жеңіп алғанын хабарлады.
Финалда қазақстандықтар Даниил Виторский мен беларусьтік Анастасия Фролованы 3:1 есебімен ұтты.
Еске сала кетсек, Алан Құрманғалиев бұған дейін WTT Youth Contender турнирінде алтын алған . 17 жасар қазақстандық 19 жасқа дейінгі категорияда үздік атанып, алтын медаль жеңіп алды.