×

Таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы өмірден өтті

Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нышан Өмірәлі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 12:02
Таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы өмірден өтті
Фото: gov.kz

Нышан Елубайұлы Жамбыл облысының тумасы. Ол 17 жасынан спортпен айналысып, бүгінгі күнге дейін екі дүркін әлем чемпионы,  Азия чемпионы, Азия ойындарының және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері, Токио-2020 және Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қатысушысы болып келді, - делінген хабарламада.

Нышанның артында жары мен үш баласы қалды. 

Новости партнеров