Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалдық кезеңінде Бразилия мен Украина құрамалары кездесті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуінде Бразилия мен Украина құрамалары кездесті. Бұл матч 3:2 есебімен Бразилия құрамасының пайдасына аяқталды. Есепті 18-минутта Украина құрамасының ойыншысы Игорь Чернявский ашты.
Ойынның екінші бөлігі басталғанда украиналық Ростислав Семенченко өз қақпасына гол соғып алды. Ал арада бір минут өткен соң бразилиялық Диего командасын алға шығарды. 22-минутта Игорь Корсун Бразилия қақпасына екінші голды соғып, есепті теңестірді. Алайда кездесу аяқталуға төрт минут қалғанда Диего пенальтиді сәтті орындап, бразилиялықтарға жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, футзалдан жаңа әлем чемпионы 6 қазанда анықталады. Бразилия құрамасы чемпиондық атақ үшін Франция немесе Аргентинамен таласады.