×

"Астана" футбол клубы Конференция лигасын жеңіспен бастады

"Астана" футбол клубы Конференция лигасының жалпы кезеңін сәтті бастады. Елордалық ұжым өз алаңында Сербияның "TSC Бачка-Топола" командасын жеңді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

04.10.2024, 00:25
"Астана" футбол клубы Конференция лигасын жеңіспен бастады
Ашық дереккөзден

Ойын Алматыдағы "Орталық" стадионда өтіп, алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. 

Матчтағы жалғыз голды литвалық легионер Кипрас Кажуколовас 15-минутта Ян Вороговскийдің пасын пайдаланып соқты. 

Айта кету керек, биылғы маусымда "Астана" Конференция лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастады, онда молдавалық "Милсамиді" екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңді. Үшінші кезеңде қазақстандық команда румындық "Корвинулды" (8:2) сенімді түрде жеңіп, плей-офф кезеңінде норвегиялық "Бранн" командасына қарсы керемет камбэк жасап, жеңіске жетті. 

Новости партнеров