×

Александр Шевченко Шанхай Мастерс турнирінің үшінші айналымына жолдама алды

Қазақстанның екінші ракеткасы Шевченко екінші айналымда турнирдің 27-ші ракеткасы, аргентиналық Франсиско Серундолаға қарсы ойнаған еді, деп хабарлайды ulyssport.kz

Бүгін, 12:09
Александр Шевченко Шанхай Мастерс турнирінің үшінші айналымына жолдама алды
Shanghai Masters

Осыған дейін қарсыластар өзара бір рет Индиан Уэллсте кездесіп, Аргентина спортшысы жеңген.

Бүгінгі кездесудегі алғашқы сет өте тартысты өтіп, нәтиже 7:6 (9:7) есебімен Шевченконың пайдасына шешілді.

Екінші сетте де ойыншылар есепті 5:5-ке жеткізді. Алайда отандасымыз матч соңында сәтті ойнап, тай-брейкке жеткізбей, дер кезінде брейк жасай алды. Қорытынды есеп: 7:6(9:7), 7:5. Кездесу барысында Александр үш рет брейкке қол жеткізіп, 7 эйспен көзге түсті.

Енді Александр Шевченко төртінші айналымға өту үшін ресейлік Андрей Рублев немесе чехиялық Якуб Меншиктың арасындағы жеңімпазбен таласады.

Бүгін Шанхай кортына тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик Роман Сафиуллинге (Ресей) қарсы ойнайды.

Новости партнеров