×

Футзал: Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде екінші орынға көтерілді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы УЕФА рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 21:23
Футзал: Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде екінші орынға көтерілді
ҰОК

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті жариялады.

Португалия құрамасы бірінші орында. Ал Испания құрамасы үшінші орынға сырғыды.

Еске сала кетсек, 30 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен футзалдан әлем чемпионатында ширек финалда Аргентинаға ұтылып, жарыс жолын аяқтаған болатын. Ең қызығы бұған дейін ұлттық құрама сенсациялық түрде біріншілік фавориті – Португалия құрамасын ұтқан.

Новости партнеров