Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокте (Таиланд) өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бұл туралы боксшы ару өзінің Instagram-парақшасында жазды.
Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Лукас чемпиондық белбеу үшін болған жекпе-жекте аргентиналық Дебора Анаи Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жекпе-жекке шықты. Кездесу 10 раундқа (екі минуттан) жоспарланғанымен, соңына дейін жалғасты.
Осылайша, төрешілердің шешімімен жерлесіміз жеңіске жетті.
«Қазақстан тарихында алғаш рет. Әйелдер боксында ең ірі жеңіс. Мен WBO тұжырымының төрт дүркін чемпионы – аргентиналық боксшыны жеңдім және IBO чемпиондық титулын иелендім. Мен өте бақыттымын», – деп жазды Лукас өзінің Instagram-парақшасында.
Бұл Ангелинаның кәсіпқой бокстағы 11-жеңісі. Ол тек бір рет жеңілген.