27 шілде күні Париж Олимпиадасында әйелдер арасында бірінші болып жарысқа шығатын дзюдошы Әбиба Әбужақынова жарыстарға дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Әр спортшының арманы – Олимпиада алтыны. Менің де арманым сол алтынға қол жеткізу. Финалға дейін сүрінбей жетіп, алтынға талассам деген мақсатпен Парижге аттанып бара жатырмын», - деді спортшы “Қазақпаратқа” берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол Олимпиадағы толық дайын екенін, оқу-жаттығу жиындары өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
«Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары өзімнің ойлағанымыдай өтті. Олимпиадаға 100 пайыз дайынмын. Осыған дейінгі қатысқан әлемдік додаларда жүлдесіз қайтқан жоқпын. Бұл жолды да жүлдеге қол жеткізу басты мақсатым. Мен 27 шілде күні әйелдер арасында бірінші болып, жарысқа шығамын. Маған жанкүйер болыңыздар», - деді Әбиба Әбужақынова.