Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында Дияс бірден 81 ұпайға көтеріліп, 490-орынға жайғасты. Жарақатына байланысты екі жылға жуық алаңға шықпаған қазақстандық теннисші өткен айдың соңында алғаш рет WTA 1000 категориясы бойынша Бейжіңде (Қытай) өткен турнирдің негізгі жеребесіне жолдама алды. Ол іріктеуден өтті, бірақ 1/64 финалдық кезеңде Тайланд спортшысы Мананчае Савангкаевқа есе жіберіп алды – 2:6, 3:6.