Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионына қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (16-0, 11 КО) қарсылас тағайындауға міндеттеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Ұйым Әлімханұлы тарапын Британдық Хамза Шираздың (21-0, 17 КО) командасымен келіссөздерді бастауға міндеттеді. Келісімге қол жеткізуге 15 күн берілді. Келіссөздер сәтсіз болған жағдайда промоутерлік сауда-саттық өткізілетін болады.
4 қазанда Сиднейде (Австралия) Әлімханұлы Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) мерзімінен бұрын жеңді.
Айта кетейік, Әлімханұлы – Михайлович жекпе-жегінде тек орта салмақтағы IBF чемпионы атағы сарапқа салырнды. Бұл ретте Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпионы атағын қорғамады.Енді қазақстандық жағдайдытүсіндіру керек, әйтпесе WBO Жәнібектен титулды алып, оны бос қалдырамыз деп жатыр.
Қазақстандықтың салмағында доминикандық Карлос Адамес (24-1, 18 КО) WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, ал кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) WBA желісі бойынша тұрақты әлем чемпионы белбеуіне ие.