×

WBO Жәнібек Әлімханұлына міндетті қарсылас белгіледі

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық атағын британиялық Хамза Ширазқа қарсы қорғайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 10:05
WBO Жәнібек Әлімханұлына міндетті қарсылас белгіледі
Фото: ашық дереккөз

WBO-ның мәлімдемесіне сүйенсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың командалары бүгіннен бастап 15 күн ішінде жекпе-жекке келісу керек. Егер қос боксшының командалары өзара келіспесе, жекпе-жек промоутерлік сатылымға өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионына қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (16-0, 11 КО) қарсылас тағайындауға міндеттеген болатын.

4 қазанда Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.

 

Новости партнеров